$ 443.35  475.54  4.82

Сейсмология институы: Күшті және жойқын жер сілкінісі болмайды

«Дүмпу азайып барады». 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев БАҚ пен тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Сейсмикалық жағдайдан кейін біз Қырғызстан мен ҚХР аумағында 100-ден астам афтершококты тіркедік. Қала тұрғындары қазір 5-тен аспайтын афтершокты сезінді. Бұл қанша уақытқа созылуы мүмкін? Түркия мен Сирияда болған оқиғаларды алайық: жер сілкінісі осы күнге дейін болып жатыр, біз осы оқиғаларды тіркеп отырмыз. Сондай-ақ, сіз күн сайын Кахраманмараш пен Сириядағы оқиғаларды жаңалықтан көріп отырмыз. Бізде жойқын зілзала бола ма? Мен 100% жоқ деп айта аламын. Бізде күшті және жойқын жер сілкінісі болмайды, қатты жер сілкінісі болмайды. Дүмпу азайып барады. Біздің қаланың тұрғындары мен қонақтары қандай да бір дүмпулерді сезінген жағдайлар, жер сілкінісі кезінде әрекет ету ережелерін білу қажет», деді ол. 

Сонымен қатар, сарапшылар жер сілкінісі кезінде жанармай құю станциясына бармаған жөн дейді.  Брифинг барысында сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды

-Жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар – жарылыстар, өрттер болуы мүмкін. Қандай да бір себептермен біздің азаматтар ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенбейді. Ең алдымен ресми ұйымдарға - ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органға сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз-журналистермен бірлесіп азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін тәрбиелеу қажет, деді Дәулет Сәрсенбаев.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары