$ 443.37  474.49  4.83

Алматыда таксилер жол ақысын 40 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген

Бұл желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Фото: halyq-uni.kz
Фото: halyq-uni.kz

Алматыда жер сілкінісінен кейін такси жүргізушілері жол бағасын 2 есе көтеріп жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

23 қаңтарға қараған түні жер сілкінісінен үрейленген тұрғындар қала сыртындағы жер үйлерге қарай ағылған. Салдарынан, Алматы көшелерінде және жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында көлік кептелісі болған.

Осы сәтте такси жүргізушілерінің жол ақысын 2 есе қымбаттатып жібергені туралы ақпарат тарады. Мәселен, қала маңындағы Ұзынағаш ауылына дейінгі жол ақысы әдетте 2 мың теңге болса, таксилер түнде 20-50 мың теңгеге дейін сұраған. Бұл желі қолданушыларының ашуын туғызды.

«Ел басына күн туғанда көмек берудің орнына, бағаны 40 мыңға дейін көтерген», «Біреулерді бақытсыздық асырайды» демекші, тексіз таксистер Алматыдағы ажиотажды пайдаланып, аспандағы бағаны айтып жатыр, - деп жазды желі қолданушылар.

Айта кетейік, 24 қаңтарға қараған түні Алматыда 5 балдық жер сілкісіні болды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары