23.01.2024, 12:40

Алматыдағы жер сілкінісі: Медициналық көмекке жүгінгендер саны артты

Фото: Максим Морозов

Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-і емдеуге жатқызылды, бесеуі амбулаториялық емге жіберілді.

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны – 44 адам, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, оның ішінде 34 ересек адам және 10 бала.

Түнгі сағат 01:00-ден бастап таңертеңге дейін Алматыда бас жарақаты, соғылу, аяқ-қолдың созылуы сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді.

Әртүрлі көрсетілімдермен олар қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам бар. Оның 3-і емдеуге жатқызылды. Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-і емдеуге жатқызылды, бесеуі амбулаториялық емге жіберілді», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.