1200 шаршы метр аумақтың жанып жатқаны анықталған.
23 қаңтар күні кешке Астанадағы теміржол вокзалы маңындағы цех өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астананың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 қаңтарда сағат 21:26-да өрт сөндіру бөлімшелері Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайындағы өрт туралы хабарлама бойынша шықты.
"Жеткен кезде жиһаз жасайтын цехта 1200 шаршы метр аумақта жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке бұйымдары жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілердің жедел және келісілген іс-қимылдарының арқасында өрт жақын маңдағы ғимараттарға таралмады", - деп хабарлады департамент.
Өрт сағат 22:40-та өшіріліп, 23:19-да толығымен сөндірілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт шыққан жерде Астана төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 93 адамы мен 18 бірлік техникасы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмыс істеді.