$ 494.87  520.65  4.91

Сейсмология институтын жетілдіруге 5 млрд теңге бөлінеді

Бұл қаражат зерттеу және цифрландыру жұмыстарын жетілдіруге жұмсалады.

Фото: seismology.kz
Фото: seismology.kz

Сейсмология институныа 4-5 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Үкімет сағатында ол Алматыда болған жер сілкінісі аталған институттың қаржыландыру деңгейі мен ғылыми әлеуетінің төмендігін көрсеткенін айтты.

Енді мекемеге құрал-жабдық сатып алуға 4-5 миллиард теңге шамасында қаржы бөлінбек. Бірақ оның нақты сомасы ғылыми-техникалық комиссияның отырысынан кейін белгілі болады. Министрдің айтуынша, бұл қаражат зерттеу және цифрландыру жұмыстарын жетілдіруге жұмсалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары