$ 443.35  475.54  4.82

Бүгін - ақын Ақберен Елгезектің туған күні

Ол Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 

Фото: malim.kz
Фото: malim.kz

Бүгін ҚР Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезекұлы Елгезектің туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ақберен Елгезек 1980 жылы 24 қаңтарда Семей облысы Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында туған.  Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің түлегі.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері.

«Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы. «Көлеңкелер күбірі» атты жыр жинағы жарық көрген. Иван Бунин, Дмитрий Мережковский, Варлам Шаламов, Владимир Высоцкий, Гийом Аполлинер шығармаларын аударған. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық ішкі саясат департаменті қоғамдық-саяси бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2003-2015 жылдары «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі президентінің кеңесшісі, Алматы қалалық ақпараттық-талдау орталығының директоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастар бірлестіктерімен жұмыс істеу бөлімінің бастығы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің аппарат басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрігінің баспасөз xатшысы.

Қазіргі қызметінде 2018 жылғы наурыздан бері.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары