Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Қазақстанда енді жаңа туған балаға алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін беру ұсынылды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Екатерина Смышляева айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін жасалған қадам. Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған депутат Екатерина Смышляева осылай деді.
«Заң жобасы аясында бірқатар түзету Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Заң жобасы үш блоктан тұрады. Бұл байланыс саласын дамыту, цифрландыруды арттыру және инновацияны қолдау», - деді депутат.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.