Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады.
Cиноптиктер Қазақстанның 8 өңірінде күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, 25 қаңтар күні Шымкентте қар аралас жауын-шашын күтіледі. Тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-батыстан пен солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында қарлы боран болады. Батыста, оңтүстікте, облыс орталығында жел тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20, 25 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Ал облыстың шығысында тұман түсуі ықтимал.
Қостанай облысында қар жауады, облыстың оңтүстігі мен шығысында бұрқасын, тұман күтіледі.
Қызылорда облысында қар жауады деп болжануда. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде орталықта көктайғақ, тұман болады. Қызылорда қаласында көктайғақ күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын болуы ықтимал. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, батысында және солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі.
25 қаңтарда таңертең және күндіз Түркістан облысының орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыс орталығында, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Түркістанда таңертең және күндіз көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел таңертең солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.