$ 439.4  473.54  4.76

Алматы маңында түнде бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді

Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында болған тағы екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

25 қаңтар күні сағат 00:45-те жер сілкінді. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр.

Зілзаланың энергетикалық класы 10.9. Магнитудасы 4.9 MPV. Бағыты 41,33° с. е. 78,81° ш. б. Тереңдігі 15 км. Қазақстан аумағында сезілмеген.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметтері бойынша, тағы бір жер сілкінісі сағат 01:33-те тіркелді. Ошағы Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 262 км қашықтақта Қытай аумағында жатыр.

Энергетикалық класы 104. Магнитудасы 4.6. MPV. Ошағы 41,19° с. е. 78,54° ш. б. Тереңдігі 5 км. Қазақстан аумағында сезілмеген, – деп жазылған хабарламада.

Сағат 01:59-да үшінші мәрте жер асты дүмпуі тіркелді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта Қытай территориясында жатыр.

Энергетикалық класы 10.4. Магнитудасы 4/9 MPV. Ошағы 41,09° с. е. 78,57° ш. б. Тереңдігі 5 км. Қазақстанда сезілмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары