ТЖМ құтқарушылары кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары пәтерде қамалып қалған үш жасар қызды құтқарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
24 қаңтар құтқарушыларға жабық пәтерде жалғыз қалып қойған 2020 жылы туған баланың анасы хабарласқан.
Алматы облысы Қаскелең қаласында анасы кіреберіске кілтсіз шыққан кезде кішкентай қыз кездейсоқ есікті iшiнен құлыптап алған.
«Жаңа есікті бұзбас үшін альпинистік жабдықтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кіру туралы шешім қабылданды. Бөбектi анасына тапсырдық, балаға медициналық көмек қажет болған жоқ» - деді құтқарушылар.
ТЖМ құтқарушылары кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауды ескертеді.