$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ-та жүйрік атқа Елена Рыбакинаның есімі берілді

Асыл тұқымды жүйрік атқа Қазақстанның атақты спортшыларының есімін беру бірінші рет емес.

Фото: lenarybakina/Instagram
Фото: lenarybakina/Instagram

АҚШ-та жүйрік атқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның есімі берілді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Equibase-тегі профиліне сәйкес, Рыбакина есімді үш жасар жылқы өзінің жарыстағы мансабын жақында — 2023 жылы бастаған.

Осы уақытқа дейін екі жарысқа қатысып, оның бірінде үшінші орын алды.

«Рыбакинаның» жалпы табысы бүгінде 7 340 доллар болған. 

Кaz.inform мәліметінше, асыл тұқымды жүйрік атқа Қазақстанның атақты спортшыларының есімін беру бірінші рет емес.

2020 жылдан бері атақты боксшы Геннадий Головкиннің есімімен аталатын Головкин атты сәйгүлік АҚШ-та өнер көрсетіп жүр.

Жылқының кәсіби рекорды 40 жарысты қамтиды.

Оның төртеуін жеңіп, алты жарыста екінші және тағы бесеуінде үшінші орынды иеленіп, иесіне 94 809 доллар табыс әкелді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары