$ 489.06  536.21  5.05

Атырауда судьяға маймыл туралы сұрақ қойған блогер қамауға алынды

Баязиевтің өзі сот шешімімен келіспейді.

Фото: "Ақ Жайық"
Фото: "Ақ Жайық"

Атыраулық блогер Рүстем Баязиев сотқа құрмет көрсетпеді деген айыппен жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Ақ Жайық" мәліметінше, блогер бұл айыппен келіспей отыр. Ал, соттың баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 10 қаңтарда Баязиев сот залына кіріп, ұялы телефон камерасына түсіріп, судьяға: "Маймыл қайда? Сіз маймылды көрмедіңіз бе?" деп сұрақ қойған.

"Ер адам судьяның ескертуін тыңдамай, сотта белгіленген ережелерді бұзды, дауыс көтеріп сөйледі, осылайша өз әрекеттерімен сот пен судьяны құрметтемеді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Нәтижесінде ол ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі бойынша "Сотқа құрметсіздік таныту" бабымен жауапқа тартылған. Оның жеке басын, жасалған әкімшілік құқық бұзушылық сипатын ескере отырып, Баязиев 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

"Баязиевтің кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, куәгерлердің жазбаша түсініктерімен толық расталады", - деп толықтырды соттағылар.

Баязиевтің өзі сот шешімімен келіспейді. Оның айтуынша, жай ғана судьяға сұрақ қойған, бұл жағдай сот басталғанға дейін болған.

"Менің ойымша, сотты құрметтемеу сот процесінде болатын жағдай, бірақ сот оның пайдасына шешім шығарды. Менің маймыл туралы сұрағым соттың басталғаны туралы хабарланғанға дейін айтылғанын растайтын куәгерлерім бар", - деді Баязиев.

Журналистер оның неге судьядан маймыл туралы сұрағанын сұрады.

"Менің бұл сөзге қатысты өз хикаям бар. Сіздің әріптесіңіз мені бұрын маймыл деп атаған, бірақ сот оның пайдасына шешім шығарды. Сондықтан сот ғимаратындағы маймыл туралы мәселе менің сот жүйесіне наразылығым болды", - деді қазақстандық. сондай-ақ ол сотта қысым көргенін айттыі, өйткені оның өтініштері қабылданбай, оған арыз жазған судьяны көрсетпеген.

Енді блогер сот шешіміне шағымдануға ниетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары