25.01.2024, 17:20

Қылмыс әлемнің серкесінен көмек сұраған депутат қамалды (ВИДЕО)

Ол депутат Жамгырчиев 2022 жылғы желтоқсанда Ташкентте Салим Абдуалиевпен кездескенін айтты.

 

Бүгін Қырғыз Республикасы Жогоргу Кенешінің депутаты Эмил Жамгырчиев 26 ақпанға дейін қамауға алынды. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) Жамгырчиевке «қылмыстық жауаптан жалтару мақсатында басқа елге шекарадан заңсыз өткісі келді» деген айып тағып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы sputnik.kg басылымына сілтеме жасап. 

Еске салсақ, 10 қаңтарда ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев Эмил Жамгырчиевтің «Өзбекстандағы қылмыс әлемінің серкесі» Салим Абдуалиевке («Салимбой», «Салим бойвачча») жазған хатын көрсетіп, депутаттың қырғыз елінің ұлттық мүддесіне қайшы қызмет етіп жатқанын атап айтқан болатын.

Білесіздер ме, Эмил Жамгырчиев Салим Абдуалиевке хат жазып, одан қолдау іздеп, біздің мемлекет басында отырған адамдарды жамандап, оларға шара қолдануды сұраған. Бұл не деген ақымақтық?! – деген еді Камчыбек Ташиев.

Ол депутат Жамгырчиев 2022 жылғы желтоқсанда Ташкентте Салим Абдуалиевпен кездескенін айтты.

Бүгін қамауға алынған Жамгырчиев болса, өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтып, саяси қудалауға ұшырадым деп отыр.