25.01.2024, 21:30

Таразда құдықтан ер адамның денесі табылды

Фото: Pixabay

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Таразда үйлердің бірінің құдығынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы Bugin.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратты Жамбыл облыстық Полиция департаменті растады.

"Полиция инспекторы өзі жауапты аумақты бақылау кезінде Тараздағы шағын аудандардың біріндегі үйдің артында орналасқан құдықтан 50-60 жас аралығындағы ер адамның денесін байқаған", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.