26.01.2024, 09:20

Түркістанда шұлық шығаратын кәсіпорын іске қосылды

Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

Кәсіпорын күніне 32 мың жұп шұлық шығаруға қауқарлы.

Түркістандағы "TURKISTAN" индустриалды аймағында шұлық және шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Бұл Қазақстан мен Қытай инвесторларының бірлескен жобасы, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Кәсіпорын күніне 32 мың жұп шұлық шығаруға қауқарлы. 30 жұмыс орны ашылған. Облыс әкімдігінің қолдауымен инвесторларға арнайы жер ұсынылған. Өндірістік браунфилд ғимаратымен қамтылған.

Инвесторлар шұлық фабрикасы толық қуатына жеткен соң Түркістанда костюм шығаратын жобасын да жүзеге асырмақ. Бұл жобаға 2,8 млрд теңге инвестиция салынады. Күніне 500 костюм тігіледі деп күтіліп отыр. Бүгін аталған жоба да таныстырылып, өнімдер жұртшылық назарына ұсынылды.