$ 441.58  480  4.86

Александр Винокуровқа Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы берілді

«Ол өз кезегінде жазда ұлттық құрамамен бірге Париж Олимпиадасына баруға уәде берді».

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Велоспорттан еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровқа Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы берілді. Бұл хабарды желідегі парақшасына Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Даңқты велошабандозымыз отандық спортты, оның ішінде велоспортты дамыту жолында қажырлы еңбек етіп келеді. 2013 жылдан бері ол әлемге әйгілі «Астана» велокомандасын басқарады, - деп жазды министр.

Кездесу барысында Александр «Астана» велокомандасының халықаралық жарыстардағы нәтижесі мен болашақ даму жоспарлары туралы айтқан. Велоспорттан ұлттық құраманың көшбасшылары осы ұжымның өкілдері екені белгілі. Сондықтан осы жазда Парижде өтетін Олимпиадада ел намысын қорғайтын велошабандоздарды дайындаудың жеке жоспары талқыланған.

Жиын соңында Александрға Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы құрметті атағын тапсырдым. Ол өз кезегінде жазда ұлттық құрамамен бірге Париж Олимпиадасына баруға уәде берді. Оның спорттағы тәжірибесі мен қолдауы біздің спортшыларға төртжылдықтың басты додасында лайықты өнер көрсетуге көмектеседі деп сенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары