Сараптама тағайындалды.
Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде Қамзин көшесіндегі кәріз құдығында ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады.
Аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамның жеке басы анықталды. Зорлық-зомбылықтың сыртқы белгілері жоқ, – деді департаментте.
Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.