26.01.2024, 13:00

Теннисші Жанерке Қошқымбаева Катарда топ жарды

Фото: ҚР ҰОК

Бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында командалық есепте үздік шыққан.

Үстел теннисінен спорт шебері қарағандылық Жанерке Қошқымбаева Дохада өткен (Катар) WTT Youth Contender турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

19 жасқа дейінгі жас деңгейінде Жанерке бірінші орын алды. Ол жеңіс жолында Марьям Аллали (Бахрейн), Фаузию Мелки (Катар), Мария Микалауските (Литва), Ур Фавад (Пәкістан), Амрута Пхадке (Бахрейн) секілді қарсыластарын қапы қалдырды.

Бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында командалық есепте үздік шыққан.