$ 487.37  532.94  5.09

Алматыда Мұстафа Кемал Ататүріктің құрметіне ескерткіш орнатылды

Түрік елі біз үшін кеше де, бүгін де тілегі ортақ, мақсаты бір бауырлас мемлекет. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ескерткішті Алматы қаласының әкімдігі Мұстафа Кемалдың құрметіне өткен жылы ашылған «Ататүрік скверінде» орнатты.

Салтанатты жиынды ашқан министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ескерткіш орнату туралы тапсырманы Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға сапары кезінде бергенін атап өтті.

Түбі бір, тарихы тамырлас Түрік елі біз үшін кеше де, бүгін де тілегі ортақ, мақсаты бір бауырлас мемлекет. Мемлекет басшыларымыздың арқасында осы күндері біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, қазіргі таңда барлық салалар қарқынды дамып келеді. Әсіресе, бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықтың алтын көпірі болған мәдени байланысымыз зор. Бұл ретте Түркия тарихында өшпес із қалдырған қазіргі түрік мемлекетінің негізін қалаушыға ерекше мән беріледі. Ол жүзеге асырған мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларымен заманауи қоғамның құрылуына баға жетпес үлес қосты. Мемлекеттің дамуына негіз болатын реформалар күні бүгінге дейін жалғасып келеді, – деген Аида Балаева ескерткіш Түркияның тарихи мұрасын құрметтеуді ғана емес, екі елдің достығы мен ынтымақтастығын да бейнелейтінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары