Осы айдан бастап сапарға дейінгі орталық құру жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта еңбек көші-қоны саласында 10 келісім қолданыста бар. Бұл келісімдерде Қазақстан азаматтарының болуы осы елдерде мен еңбек қызметі мәселелері реттелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Орталық коммуникациялар қызметінің жазуынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осы мәселеге тоқталып, шетелде жүрген отандастарымыздың құқықтары қалай қорғалатынын хабарлады.
Оның айтуынша, шетелде қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету бағыты бойынша 8 жаңа үкіметаралық келісім әзірленді.
Қазақстанды Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне енгізу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Осы айдан бастап сапарға дейінгі орталық құру жұмыстары басталды. Орталықтың негізгі міндеті – Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлерді тілдік курстарда оқыту, корей тілін білуге тестілеу, біліктілігін арттыру, – деді спикер.
Аталған жобаны іске асыру біздің азаматтарға Оңтүстік Корея аумағында олардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау кепілдігімен 3 жылға дейін заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.