$ 442.05  474.14  4.74

Ресейдегі апат: қаза тапқан экипаж мүшелерінің бірі Өскеменнің тумасы болған

Күйеуім басқа ұшақта болды деп үміттендім.

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

Ресейдің Белгород облысында Ил-76 ұшағы апатқа ұшырап, қаза тапқан штурман Өскеменнің тумасы екені белгілі болды. Ол қаңтар оқиғасы кезінде елге ұшып келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «74 адам қаза тапты»: Ресейде әскери ұшақ құлады

24 қаңтарда Ресейдің Белгород облысында Ил-76 ұшағы апатқа ұшырады. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бортта Украина қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 жауынгері, ұшақ экипажының алты мүшесі және сарбаздарды алып жүретін үш адам болған. Барлығы 74 адам болған, кейінірек Ресей қорғаныс министрлігі барлығы қаза тапқанын растады. РФ билігі апатты теракт деп атады.

Апатқа ұшыраған ұшақтың штурманы Өскемен қаласының тумасы Алексей Высокин болып шықты. Бұл туралы оның жұбайы Ольга Высокина RT арнасына берген сұхбатында айтты.

Марқұмның әйелінің айтуынша, Алексей Сириядағы ұрыс қимылдарының ардагері болған және қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға ұшып келген.

Күйеуім басқа ұшақта болды деп үміттендім, бірақ кейін апатқа ұшырағанын түсіндім, өйткені рейс алдында ол үнемі өзінің ұшып бара жатқанын және келгенін хабарлайтын еді. Мен бұған сенгім келмеді, – дейді Ольга.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары