$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда ер адам тұрғындарды алдап, банк карталарынан ақша шешіп алған

Полицейлер 37 жастағы ер адамның жеке-басын анықтады.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Түркістанда тұрғындарды алдап, олардың банк карталарынан ақша шешіп алған ер адамды полиция ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияға 4 тұрғыннан арыз келіп түсті. Олардың айтуынша, банкоматтың алдында белгісіз азамат ақшаларын шешіп беремін деп, жасырын түрде «сіздің есеп шотыңызда ақша қаражаты қалмады» деп алаяқтық жолмен ақшаларын шешіп алған. Жәбірленушілерге 243 000 теңге шығын келген.

Полицейлер 37 жастағы ер адамның жеке-басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның тұрғындардан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды, - делінген ақпаратта.

Күдікті ер адамға қатысты алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары