Таяу Шығыста қарулы қақтығыс басталғаннан бері 26 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан.
БҰҰ Жоғарғы сотының мәлімдеуінше, Израиль билігі Газа секторында халықты жаппай қыруды тоқтату қажет. Израильдің әрекеттері геноцидпен бірдей, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Израиль күштерінің тоқтаусыз шабуылдарынан өңірдегі елді мекендер түгел қираған. Салдарынан 2 миллионға жуық палестиналық үйлерін тастап босып кеткен. Оның үстіне ауа райы күрт суытып, аймақтағы ахуал одан бетер шиеленісе түскен. Сондықтан Изриаль Газадағы әскери операцияны дереу тоқтату қажет, –дейді аталған ұйым.
Еске салсақ, Таяу Шығыста қарулы қақтығыс басталғаннан бері 26 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан.