28.01.2024, 17:30

Ақан Сатаев «Аллажар» фильміне қалай таңдалды? Режиссер естелігі

Фото: www.youtube.com скрин

«Ол кезде Ақан 10-сыныпты енді бітірген бала еді».

Біраз бұрын белгілі режиссер Қалдыбай Әбенов атақты "Аллажар" фильміне Ақан Сатаевты қалай таңдағаны туралы естелігімен бөліскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтуынша, режиссер Сатаевты екі мың жігіттің ішінен таңдап алған. 

Ол қазіргі өте талантты режиссарлардың бірі. Мен Ақанды "Аллажарға" екі мың жігіттің ішінен таңдап алдым. Ол кезде кастинг деген фотопроба деп аталатын. Мен бұл фильмнің басты рольіне Ақан мен "Балкон" фильмінде ойнаған жігітті қатар қойып қойдым. "Балкондағы" жігіт өте мықты актер болды. Бірақ, оның түрі мен ойлаған кейіпкерге келмеді.

Ал, Ақанға тоқтауға бата алмай жүрдім. Өйткені, ол кезде Ақан 10-сыныпты енді бітірген бала еді. Сосын іздеуді жалғастыра бердім. Бірақ, бір жылдан соң Ақан маған қайта келді. Бір жылда едәуір есейіп, жігіт болғанын байқадым. Сөйтіп, қайталап түсіріп көрдім. Актерлығы керемет. Сөйтіп бірден рольге бекітіп, сьемкаға шығып кеттік, деді режиссер Қалдыбай Әбенов өз естелігінде.