Полицейлер күдіктіні еліктің етін бұзып жатқанда ұстаған.
Ақмола облысында елік атқан адам ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
26 қаңтарда ауыл тұрғыны тұрғылықты үйінің терезесінен елді мекенге кіріп, көрші үйдің аумағында жүрген үш сібір елігін көрген. Ер адам үйде сақталған ТОЗ маркалы мылтықты алып, жабайы жануарларға бірнеше рет оқ атқан, - дейді ведомство.
Бір елікке оқ тиіп, басқалары қашып құтылған. Полицейлер күдіктіні еліктің етін бұзып жатқанда ұстаған. Оның қаруы да заңсыз сақталған. Қазір тергеу жүріп жатыр.