$ 495.2  522.34  4.94

Заңгер: «Жаңа Адамдар» қозғалысының жастары қоғамға ой салды

«Мемлекеттік рәміздерді әрбір қазақстандық жатқа біліп, тану жолында біраз шаруа атқарылу керек-ау». 

Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Заңгер Ләззат Ахатова «Жаңа Адамдар» қозғалысының жасаған сауалнамасына қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Заңгердің пікірінше, әр қазақстандық мемлекеттік рәміздерді жете танып, оған құрметпен қарауы керек. 

«Жаңа Адамдар» деген жастар қозғалысы Астана мен Алматы тұрғындары арасында 6 түрлі герб көрсетіп, еліміздің қазіргі елтаңбасын табуға сауалнама жүргізген ғой. Қойылған сұрақ былай қарағанда қарапайым және барлық қазақстандық азамат білуі тиіс дүние:

- Қазақстандық елтаңбада не бейнеленген және ол нені білдіреді?

Сауалнамаға әр түрлі жастағы 500 адам қатысыпты.

Қатысқандардың қанша пайызы елтаңбамызды дұрыс тапты деп ойлайсыздар?.. 30% ғана Қалған 70% - ы басқаа жаққа кетіп қалған ғой) Өз елінің гербін танымайды, обшым)

Жастар қазір өте белсенді, еркін, азат, креатившіл. Бізге қарағанда патриот олар. Таза егемен Қазақстанның ұрпақтары ғой. Біз секілді кеңестік жүйеде адасып, өз құндылықтарын жоғалтып ала жаздаған ұрпақ емес.

Ана сауалнаманы көріп, қарадай өзім ұялып кеттім. Құрысын, елтаңбамызды танып алайық, ағайын. Позор боп тұрмайық, ана 70%-дың ішіндегі адамдар секілді, айдалаға лағып.  Не бейнеленгенін, олардың не мағына беретінін біліп, балаларымыздың құлағына құйып отырайық. Патриотизм деген желіде аттандай беру емес, әркімді сынап-мінеп. Нағыз патриотизм деген өз еліңнің әнұранының, елтаңбасының тарихын жете білу, тани білу, керек десеңіз. 500 адамның 70%-ы өз елінің елтаңбасын танымау деген әрқайсымыз ойланарлық жағдай..Өзіміз ше, өзіміз тани аламыз ба? Патриоттығымыз қай деңгейде?..Осы сұрақты әрқайсымыз өзімізге қоя білуіміз керек, деп жазды ол.

Сонымен қатар, Ләззат Ахатова «Жаңа Адамдар» қозғалысының жастарына алғыс айтып, мемлекет осы бағытта жұмыстар жүргізуі керек екенін жазды. 

Ал қазақстандықтарды қозғалтқан «Жаңа Адамдар» қозғалысындағы жастарға респект! Осы бағытта мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да біраз шаруа атқарылу керек-ау. Мемлекеттік рәміздерді әрбір қазақстандық жатқа біліп, тану жолында, деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары