$ 495.2  522.34  4.94

Бүркітші Айшолпан Қазақстанға көшіп келді

2018 жылы қарашада бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияның жоғары марапатына ие болды. 

Фото: ОКҚ
Фото: ОКҚ

Аты әлемге жайылған бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4-курста оқимын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын, – деді Айшолпан Kazinform тілшісіне ұялы телефон арқылы берген сұхбатында.

Ол бүркіт баптау өнерін тастамағанын айтты.

Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. Себебі оқудан қол тимейді, – дейді бүркітші қыз.

Бұған дейін бүкіл әлемге танылған бүркітші қыздың әкесі Қазақстан азаматтығынан бас тартқанын жазған едік. Ол елге көшіп келмейтінін Моңғолияның ұлттық телеарнасы арқылы жеткізді.

Еске салсақ, 2018 жылы қарашада бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияның жоғары марапатына ие болды. Сондай-ақ АҚШ-та бүркітші қазақ қызы туралы деректі фильм шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары