$ 494.87  520.65  4.91

Белгілі журналист жүктілік тестін бүкіл Қазақстанға жаятын келіндерді сынады

Ұят пен әдептен аттамауға дағдыландық.

Фото: moldir_anarbaeva инстаграм парақшасынан
Фото: moldir_anarbaeva инстаграм парақшасынан

Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева қазір әлеуметтік желіде хитке айналған баланың жынысын анықтайтын гендер-патиге деген көзқарасын айтты. Ол NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында жүктілік тестін ата-енесіне көрсететіндерді сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Естір құлақ болса, осы мәселені айтқанмын. Қазіргі жастар сияқты жүктілікті анықтайтын тестті дастарқанда отырған ата-енеміздің алдына қоймақ түгілі, үлкендердің көзіне ішімізді көрсетпеуге тырысатын едік. Ұят пен әдептен аттамауға дағдыландық.

Журналистің айтуынша, ондай отбасылық дүниелерді көпшілікке көрсетудің қажеті жоқ.

Ал қазіргі жастарда ондай жоқ. Дегенмен, тереңнен ойлай білсек, бұл ұялумен қатар қуанатын да жағдай секілді. Неге десеңіз, қазіргі уақытта балалы болудың өзі үлкен бақытқа айналып барады. Он жыл бойы сәби сүйе алмай жүрген аналар, құрсағына шарана біткенде қалай ағайын-туыспен бөліспесін? Дейтұрғанмен, қазақилықтан аттамай, әрі көз бен сөзден сақтану мақсатында отбасылық дүниелерді жасырын ұстаған жөн, - деді блогер журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары