$ 444.14  477.05  4.85

Атақты «Мона Лиза» суретінің үстіне сорпа төгілді

Туындыға 1956 жылы да шабуыл жасалған.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Экобелсенділер Луврдағы әлемде ең танымал өнер туындыларының бірі «Мона Лиза» суретінің үстіне сорпа төкті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Абырой болғанда, туынды бүлінген жоқ. Өйткені ол оқ өтпейтін арнайы шынымен қапталған. Дегенмен сурет ілулі тұрған зал қонақтары шұғыл эвакуацияланды. Шамамен бір сағаттан кейін ол қайта ашылды.

Ал тәртіп бұзған екі экобелсенді қамауға алынды. Олар ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер мен экологиялық таза тамақ тапшылығы мәселесіне назар аудармақ болған.

Негізі осы «Мона Лизаға» 1956 жылы да шабуыл жасалған. Көрме кезінде қонақтардың бірі суретке күкірт қышқылын шашып жіберіп, оның төменгі бөлігін бүлдірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары