$ 494.87  520.65  4.91

Бұрынғы инспектор көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан

Мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асты.

Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 автокөлік құралын заңсыз есепке тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істердің бірін ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаменті тергеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға мемлекеттік инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемеу, электрондық өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану жолымен шетелден әкелінген көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырғаны анықталды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары