$ 494.87  520.65  4.91

«Қатты ұялтады». Экс-депутат Ташкентте ем алып жүрген қазақ әйелдерін сынады

Асхана қызметкерлері оларға аяушылықпен қарайтын сияқты. «Қазақстанда аштық болып жатыр ма?» деп мысқылдап тұрғандарын бірнеше рет естідім.

Фото: facebook.com/Мұрат Бақтиярұлы
Фото: facebook.com/Мұрат Бақтиярұлы

Бүгінде Ташкентте ем алып, шипажайда демалып жүрген бұрынғы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы қазақтың қыз-келіншектерінің оғаш қылығына қынжылып әлеуметтік желідегі парақшасында пост жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Экс-депутаттың сөзіне сүйенсек, онда демалушылардың басым бөлігі біздің елден барған азаматтар.

Мұндағы демалушылардың сексен пайызы Қазақстан азаматтары. Олар үшін барлық жағдай жасалынған. Қызмет көрсету мәдениеті таңғалдырады. Мұнтаздай тазалық, емнің көп түрлілігі, дәмді тамақтың молшылығы таңдай қақтырады. Бір әттегені, қанша жесең де жететін мол тамақты демалып жатқан қазақтың келін-кепшіктері елдегі әдеттеріне салып, ас ішіп бола салып пакеттеріне толтыра салып жататыны ұялтады, - деп жазды экс-сенатор.

Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, әйелдердің бұл әрекетіне асхана қызметкерлері де күлген.

Асхана қызметкерлері оларға аяушылықпен қарайтын сияқты. «Қазақстанда аштық болып жатыр ма?» деп мысқылдап тұрғандарын бірнеше рет естідім. Қасымызда үстелде отыратын салмағы жеті пұттай келетін әйелге «өзіңізбен бірге тамақ алмай-ақ қойсаңызшы, ұят емес пе?» десем, жұрт алып жатыр ғой, мен де аламын» деді. Не дерсің, көргені сол болса. Шіркін-ай, бойында бір артық еті жоқ, барған жерінен немерелеріме деп екі-үш түйір кәмпит алатын әжелеріміз бен шешелеріміздің, жеңгелеріміздің ізбасарлары тым ұсақталып кеткені өкінішті, - деп ойын білдірді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары