$ 441.66  475.14  4.86

Павлодарда ер адам оныншы қабаттан құлап мерт болды

Облыстық полиция департаменті аталған фактіге қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодарда ер адам 10-қабаттан құлап, мерт болды. Ол көмек келгенге дейін көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйден адам құлағаны туралы хабарлама түскен. Медициналық бригада оқиға орнына сегіз минутта жетті.

Дәрігерлер келгенге дейін 48 жастағы ер адамның оныншы қабаттан құлағаны анықталды.

Облыстық полиция департаменті аталған фактіге қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары