2023 жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша Түркістан облысы халқының саны 2 140 926 адамды құрады.
Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2023 жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша Түркістан облысы халқының саны 2 140 926 адамды құрады. Оның ішінде қала халқы – 527 633 адам, ауыл халқы – 1 613 293 адам. 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында 51 145 бала туған. Оның 26 323-і – ұл бала, 24 822-сі – қыз бала. Бүгінде облыс туу бойынша республикада көш басында, оның үлесі 14,3% құрап отыр,- деді Нұрқожа Ермекұлы.