$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан зейнетақы қорының ақшасына вагондар сатып алмақ

Қуантыровтың айтуынша, зейнетақы ақшасы үнемі айналымда болуы керек. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстан зейнетақы қорының қаржысына вагондар сатып алмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Qazaqstan.tv мәліметінше, бұған дейін Ұлттық банк зейнетақының 173 млрд активіне «Бәйтерек» холдингінің облигацияларын сатып алғаны туралы ақпарат тарады. 

Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, бұл қаржы толығымен инвестицияға жұмсалады. Яғни, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға, соның ішінде жолаушы және жүк вагондары сатып алынбақ.

Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді дейді министр.

Зейнетақы қоры «Бәйтерек» облигацияларын сатып алу сияқты қаржылық операцияларды бұған дейін де жүргізген. Зейнетақы ақшасы әрдайым айналымда жүруі тиіс. Олар сенімді қаржы құралына салынуы керек. Оның қатарында бағалы қағаздар бар. Сонымен қатар квазимемлекеттік бірлестіктердің облигацияларын да атап өткен жөн, дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары