31.01.2024, 10:20

Орал қаласының тұрғыны қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Фото: Polisia.kz

Ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсеткен. 

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген облыс орталығының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.