$ 494.87  520.65  4.91

Жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауды талап ететін петиция басталды

Петицияға 100-ден астам адам қол қойған.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауды талап ететін петиция басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Азаматтық бастамалардың alash.online сайтында «Жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауды талап етеміз!» атты петиция жарияланды.

Петиция авторы – Арғын Смайылов, жедел жәрдем жүргізушісі. Азаматтың айтуынша, оның әріптестері өздеріне деген құрметсіздік пен агрессияға жиі ұшырайды.

Бұл менің жедел жәрдем жүргізушісі ретіндегі жан айқайым. Мен 10 жылдық тәжірибесі бар жедел жәрдем жүргізушісімін. Мен жедел жәрдем қызметкерлерінің проблемалары туралы айтқым келеді, өйткені мен өз қорғансыздығымыздан шаршадым. Қоғам бізден өз өмірлерін сақтап қалуды және қиын уақытта тез келуді талап етеді. Бірақ олар бізді жай ғана құрметтемек түгілі, тіпті жұмыс істеуімізге кедергі келтіреді, – деп қызметкер өз ойын жеткізді.

Сонымен қатар, Смайылов дәрігерлерге жиі шабуыл жасалып, зардап шегетіндерін айтты.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері қорғансыз екенін мойындау керек. Мұғалімдердің, полицияның, әскерилердің мәртебесі бар – енді біздің мәртебемізді және бізді азаматтардың жөнсіз әрекетінен қорғайтын уақыт келді. Медицина қызметкерлеріне жасалған агрессияны полицияға жасалған шабуылмен теңестіру керек. Жедел жәрдем көлігін теуіп, зақымдаса – айыппұл. Жедел жәрдем жүргізушісін ұрды – 1 жыл түрмеде. Ал дәрігерді ұрғаны үшін ең аз мөлшерде 3-5 жыл беру керек, – дейді Смайылов.

Сондай-ақ осы күнге дейін ақ халаттылардың құқығын қорғайтын бірде бір заң жобасы әзірленбеген дейді. Петицияға 100-ден астам адам қол қойған.

Дереккөз: “Адырна” ұлттық порталы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары