ІІМ құжатты прокуратураға жібереді, ал прокуратура сотқа жібереді.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қуандық Бишімбаев ісі қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Тергеу аяқталды. Қазір танысу жұмыстары жүріп жатыр. Ол аяқталғаннан кейін сотқа жібереміз, - деді министр.
Сөзінше, алдымен жәбірленуші мен айыпталушы жақ құжатпен танысады. Яғни екі жақ танысып болғаннан кейін ІІМ құжатты прокуратураға жібереді, ал прокуратура сотқа жібереді.
Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қылмыстық кодекстің "Азаптау" (110-баптың 2-бөлігі) және "Аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) бабы бойынша айыпталып отыр.