$ 443.35  475.54  4.82

Алматы әкімі Досаев өзін мақтан тұтатынын айтты

Шаһар басшысы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездескен. 

Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов
Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесіп, журанлистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әкімнің айтуынша, Алматы тұрғындары Досаевтың атқарған жұмыстарына жоғары баға беретін көрінеді. 

"Мен Алматыны дамыту бойынша тыңғылықты еңбек етіп келе жатқанымды мақтан тұтамын. Талай іс атқарылды, кейбірін аяқтап үлгермедік. Бірақ бұл бөлек әңгімеге арқау болар тақырыптар деп ойлаймын. Алайда тағы айтамын: мен жеке сезіміме сүйеніп айтып тұрғаным жоқ, жұмысыма баға берген қала тұрғындарына сүйеніп айтамын.

Егер бүгінгі жиналысымыз, алдағы кездесулер немесе атқарып жатқан істеріміз мақұлданып жатса, демек мен өзіме лайық жердемін әрі жұмысымды тиянақты жасауға тырысамын. Егер сұрақтар туындаса - енді біз саңырау емеспіз ғой, қайта құлақ асып, идеяларыңызды, өтініштеріңізді тыңдап, мәселелерді шешуге тырысып жатырмыз деп үміттенемін.

Біз тірі адамбыз, біз мінсіз емеспіз, мен де мінсіз емеспін. Осы екі жылым әрқилы болды. Уақыты келгенде оны да айтармын", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев, деп жазады kaz.nur.kz сайты. 

Айта кетейік, бұған дейін Ерболат Досаев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып, қаланы дамыту бойынша аяқталмаған іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап жатқанын айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары