$ 444.22  476.38  4.82

Жекеменшікке өтетін нысандар саны 850-ден асты

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2014-2016 жылдары бәсекелес ортаға өтетін нысандар саны 853-ке жетті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеген.

— Кәсіпкерлік қызметте мемлекеттің қатысуын қысқарту аясында Үкімет жекешелендірілуі тиіс ұйымдар тізбесін бекітті. Қосымша енгізілгендерді есепке алғанда, мұндай ұйымдардың саны елімізде 853 нысанға жетті, оның ішінде 34-і - республикалық меншіктегі нысан, 657 - коммуналдық меншік және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация, сондай-ақ, 162 - холдингтер мен ұлттық компаниялардың нысаны, — дейді Руслан Даленов.

2014 жылы жеке секторға республикалық 19 кәсіпорын және 126 коммуналдық меншік нысаны өтпек. Сондай-ақ, холдингтер және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бәсекелес ортаға 75 еншілес ұйымның үлестері мен нысандарын сатады.

— Бүгінгі күні 14 нысан сатылды, оның 12-сі мемлекет меншігіндегі, 2-і холдинг нысандары. Мемлекеттік меншіктегі және ӘКК нысандарының бастапқы бағасы 48,9 млн теңге. Бұл нысандар бастапқыдан 27 пайызға артық бағамен сатылды. Холдингтердің екі нысанының бастапқы бағасы —150,6 млн теңге деп бекітілген, олардың соңғы бағасы бастапқыдан 2,5 есеге артық - 376, 5 млн теңге, — дейді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін бәсекелес ортаға квазимемлекеттік сектордағы 782 нысан сатылады деп хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары