«Новосібір — Алматы» пойызының жолсерігі 230 келі қызыл уылдырықты шекарадан заңсыз өткізбек болған үшін ұсталды деп хабаралайды skifnews.kz
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан шекарашылары қызыл уылдырық контрабандасының жолын кесті.
«Ауыл» (теміржол) шекаралық бақылау бөлімшесінің бақылаушылары «Новосібір — Алматы» пойызын тексеру кезінде жолсеріктің купесінен заңсыз жатқан қызыл уылдырықты анықтады. Зауыттың қаптамасымен оралған екі сөмкедегі қызыл уылдырықтың салмағы 30 кило болса, ал пластмассадан жасалған сегіз контейнердегі қызыл уылдырықтың салмағы 200 килоға жетіп жығылды.
Новосібір — Алматы пойызының жолсерігі ірі көлемдегі икра контрабандасы үшін ұсталды . Қазір вагонның жолсерігі ұсталып, аталған дерекке қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.