$ 443.35  475.54  4.82

Тағы бір қазақ спортшысы UFC-де өнер көрсететін болды

Бекзат Алмаханның көп ұзамай қарсыласы мен жекпе-жек уақыты анықталады.

Фото: underdogkz инстаграм парақшасынан
Фото: underdogkz инстаграм парақшасынан

26 жастағы қазақстандық Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа отырды. Ол әлемнің үздік лигасында жеңіл салмақта төбелесетін болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бекзат Алмаханның көп ұзамай қарсыласы мен жекпе-жек уақыты анықталады.

Бекзат OCTAGON-дағы барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын өз пайдасына аяқтаған. Бүгінде оның қоржынында тоғыз жеңіс бар, ММА-дегі рекорды – 17-1.

Біз соңғы тоғыз айда OCTAGON-дағы екінші спортшымыздың UFC-мен келісімшартқа отырғанымен мақтанамыз. Бұл OCTAGON-ның Орталық Азия өкілдері үшін нағыз арман орындалатын алаңға айналғанын дәлелдейді, - делінген жобаның әлеуметтік желідегі парақшасында.

Underdogkz жазуынша, Бекзат өзін жақсы жағынан көрсете білген нағыз жауынгер.


 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары