$ 444.14  477.05  4.85

Дидар Смағұлов: «Түркістан туралы ештеңе айтпасаң, пәтер мен көлік сыйға береміз» деген ұсыныс түсті

Қазір көбі келіскенді жөн көреді. Бұрын қорқытатын.

Қазақстан бойынша әр өңірдің, әр мемлекеттік органнан әділетсіздік көрген халықтың мұңын тыңдап, әділдік ортнату жолында еңбек етіп жүрген азамат шенеуніктердің былығын ашты. Ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында оңтүстік халқы өзін жиі келісіп жұмыс істеуге икемдеп, бағалы сыйлықтар ұсынатынын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір көбі келіскенді жөн көреді. Бұрын қорқытатын. Олардың айтатын ең бірінші сылтауы – "бұл тапсырыс”. Біз оларға ешқандай тапсырыстың жоқтығын, біздің тек заң шеңберінде жұмыс істейтінімізді түсіндіреміз. Заң бұзбаса біздің оларға баруға құқымыз да жоқ. "Дидар, сен мемлекеттік қызметкер емессің, шенеунік емессің, ақша алсаң да, ол пара болып есептелмейді. Ала салшы, көз жұма салшы" дейді, – деп ағынан жарылды Дидар Смағұлов.

Белсенді бұрындары шенеуніктерге жақпаған ақпарат үшін қоқан лоқы жасалса, қазір керісінше сыйлығын ұсынып, бірге жұмыс істеу нұсқасы жиі ұсынылады деп бек сеніммен айтып отыр.

Адамдар арқылы "Түркістанға келмеші, Түркістан туралы ештеңе айтпасаң, үш бөлмелі пәтер мен Camry 70 көлігін береміз" деді. Бірақ маған Camry ұнамайды. Яғни, мен Түркістанға қатысты мәселелерді көтермесем және осыған дейін жазған жазбаларымды өшірсем маған осындай дүниелерді беруге уәде етті. Сөйтіп барынша мені көндіруге тырысты. Бірақ біз тоқтамаймыз. Өйткені бізге халық сеніп отыр. Мен айтып отырған ақпараттың 70%-ы халықтан келген арыздар, – дейді "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов.

Дереккөз: KYN.KZ 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары