Бекзат Алмаханның көп ұзамай қарсыласы мен жекпе-жек уақыты анықталады.
26 жастағы қазақстандық Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа отырды. Ол әлемнің үздік лигасында жеңіл салмақта төбелесетін болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бекзат Алмаханның көп ұзамай қарсыласы мен жекпе-жек уақыты анықталады.
Бекзат OCTAGON-дағы барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын өз пайдасына аяқтаған. Бүгінде оның қоржынында тоғыз жеңіс бар, ММА-дегі рекорды – 17-1.
Біз соңғы тоғыз айда OCTAGON-дағы екінші спортшымыздың UFC-мен келісімшартқа отырғанымен мақтанамыз. Бұл OCTAGON-ның Орталық Азия өкілдері үшін нағыз арман орындалатын алаңға айналғанын дәлелдейді, - делінген жобаның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Underdogkz жазуынша, Бекзат өзін жақсы жағынан көрсете білген нағыз жауынгер.