Қазақстанның Еңбек Ері біз ары кетсе жүз жасармыз, ал бұл заттар мың жасайды дейді.
Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, ордендерін және өзге де заттарын архивке тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осыған орай Алматыдағы мемлекеттік архивте "Кино және театр тарланы – Асанәлі" музей-бұрышының салтанатты ашылуы өтті, деп жазды qazaqstan.tv.
Асанәлі Әшімовтың жеке қоры архивке 438-ші болып тіркелді. Құжаттар саны 200-ден асады. Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары архивтегі заттарды алдын-ала өтінім беру арқылы көре алады. Қазақстанның Еңбек Ері біз ары кетсе жүз жасармыз, ал бұл заттар мың жасайды дейді.
Бұл деген сөз тарих. Келешекке керек. Келешек ұрпаққа керек. Әр қойылған экспонат бұл тарихи еңбектерің сенің жазған. Түскен суреттерің. Фильмнен, театрдан кадрлер бар. Мұның барлығы тарих, - деді Қазақстанның еңбек ері, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімов.