$ 443.37  474.49  4.83

Қазақ боксшысы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Бұған дейін Лукас WBC International және UBO чемпиондық белдіктерін де жеңіп алған болатын.

Фото: angelina_lukas1997 инстаграм парақшасынан
Фото: angelina_lukas1997 инстаграм парақшасынан

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Бакуде (Әзербайжан) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол шаршы алаңда пәкістандық спортшы Рома Юсафпен (5-0-1, 2 КО) кездесті. Бұл жекпе-жек ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, сегіз раундқа жоспарланған.Боксшылар WIBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты.

Жекпе-жекте Лукас қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, бос тұрған WIBA белбеуін жеңіп алса, Рома Юсаф спорттық мансабында алғаш рет жеңіліп қалды.

Бұған дейін Лукас WBC International және UBO чемпиондық белдіктерін де жеңіп алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары