01.02.2024, 16:20

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалды

Фото: Pixabay

Сот олардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмаған.

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық сотқа шағым түсірген еді. Алайда сот Mudarabah Capital және Astex.kz қаржы пирамидаларына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі бірінші инстанциядағы үкімнің өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді.

Сот алқасы тараптардың арызы мен айғақтарын зерделей келе, үкімді өзгертуге немесе жоюға еш негіз жоғын айтты. Осыған байланысты сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалды. Сот сотталушылардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады, – делінген хабарламада.