01.02.2024, 17:20

Алматы облысында ВИЧ жұқтырған 9 жастағы бала қайтыс болды

Фото: Pixabay

Баланы ауруханаға қабылдау кезінде ата-анасы АИТВ инфекциясын жұқтырғанын жасырған.

Алматы облысында ВИЧ инфекциясын жұқтырған бала комаға түсіп, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 9 қаңтар күні тоғыз жастағы бала денсаулығының күрт нашарлауына байланысты Алматыдағы №2 қалалық балалар ауруханасына түскен.

Баланы ауруханаға қабылдау кезінде ата-анасы АИТВ инфекциясын жұқтырғанын жасырған. Бала комаға түскен. 24 қаңтарда оқушыны Қарасай аудандық ауруханасына ауыстырған.

«27 қаңтарда бала сепсис пен пневмониядан, яғни АИТВ-мен байланысты аурулардан қайтыс болды», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Белгілі болғандай, бұл отбасында қайтыс болған баладан бөлек, анасы мен әкесі де АИВТ жұқтырған. Ерлі-зайыптыларға диагноз 2016 жылы қойылған. Сонымен қатар 2018 жылы аталған отбасында қыз бала дүниеге келді.

«Екінші бала мен анасы 26 қаңтардан бастап амбулаториялық негізде вирусқа қарсы ем қабылдауға кірісті», - деп атап өтті Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.