$ 494.87  520.65  4.91

«Еркектердің 99 пайызы белсіз». Уролог дабыл қақты

Энергетикалық сусындар мен фаст-фуд өнімдері, спортпен айналыспау ер адамдардың жағдайына қауіп тудырып отыр

Уролог, андролог Еркебұлан Гулманов "Ozgerec" подкастында ер адамдардың негізгі проблемаларын атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, энергетикалық сусындар мен фаст-фуд өнімдері, спортпен айналыспау ер адамдардың жағдайына қауіп тудырып отыр, деп жазады El.kz.

Егер спермограмма талдауының 1990 жылдардағы нормативтік көрсеткіші мен ең соңғы 2010 жылдың нәтижесін салыстыратын болсақ, бәрі құлайды. Ал соңғы 2 жылдағы ұрық сапасын салыстыратын болсақ, онда іс жүзінде 99 пайыз қазіргі ер адам белсіз болып саналады. Себебі, жылдан жылға ұрықтың көлемі төмендеп жатыр, мысалы 90 жылдарда норма бойынша 1 миллилитр шәуеттің ішінде 200 миллионға жуық ұрық болуы керек болса, қазір 15 миллион болса жеткілікті саналады. Қараңыз, қанша пайыз төмендеп кеткен, - дейді дәрігер.

Сондай-ақ ер адамдардың денсаулығына қатысты деректерді айтты.

Әрине, бұл жүктіліктің болмай жатыр дегені емес, болып жатыр, бірақ менің айтқым келіп отырғаны, еркектің денсаулығы төмендеп жатыр. Сәйкесінше, ер адамдардың белсіздігі көбейіп жатыр. Жағдай осындай динамикада жоғарылай беретін болса, яғни ер адам тамағына, физикалық белсенділігіне, сыртқы келбетіне, жалпы өміріне қарамай кететін болса, ақыр соңы белсіз болады, - дейді уролог.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары