$ 443.35  475.54  4.82

Еліміз UFC-де Дағыстанның орнын басып келеді

Қазақстандық UFC аралас жекпе-жек шеберлерінің тізімінде Асу Алмабаев, Сергей Морозов және Мария Агапова да бар.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Аралас жекпе-жек туралы жазатын LudisChartaMMA ресурсы UFC тізімінде қазақстандық боксшылар санының көбейгенін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спорт шолушысы жеңіл салмақтағы дивизионға Бекзат Алмахановтың тіркелуіне байланысты жаңалыққа осындай пікір білдірді.

Бірінші толқын Дағыстан болды. Қазір көптеген қазақстандық боксшылардың UFC-ге жолдама алып жатқанын көріп жүрміз. Осы жолы Азат Мақсұмды UFC Vegas 85 турнирінен көреміз. Шавкат Рахмонов 2024 жылы «алтынға» таласады, — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық UFC аралас жекпе-жек шеберлерінің тізімінде Асу Алмабаев, Сергей Морозов және Мария Агапова да бар. Соңғы екеуі түрлі себептермен көптен бері жекпе-жек өткізбеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары