01.02.2024, 21:30

Атырауда тыйым салынған діни материалдарды таратқан ер адам сотталды

Фото: Polisia.kz

Аталған деректер бойынша 39 жастағы азамат өз кінәсін толықтай мойындаған.

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2023 жылы маусым айында облыс аумағында 2022 жылдан бері интернет ресурстарында терроризмді насхиаттап, дәстүрлі емес дінді уағыздаған 39 жастағы азаматты анықтаған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде күдіктінің ВКонтакте әлеуметтік желісінде діни-экстремизмді материалдарды ашық жариялап, тыйым салынған діни уағыздағы аудиоларды тыңдап, таратқаны анықталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында интернет-ресурстарында жариялауға, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни экстремистік баспа материалдарын әлеуметтік желілер арқылы таратқаны дәлелденді.

Айта кетейік, 2014 жылы Қызылорда қалалық сотының және 2018 жылы Жетісай аудандық сотының шешімімен жоғарыда аталған баспа материалдар ҚР аумағында таратуға тыйым салынған.

Аталған деректер бойынша 39 жастағы азамат өз кінәсін толықтай мойындаған.

Қазіргі таңда 39 жастағы облыс тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі шығарылды.